+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Алматы облысында субсидияға бөлінген 500 млн теңге игерілмеген

2021 жылғы 30 наурыз 13:38
Бөлісіңіз:
Алматы облысында субсидияға бөлінген 500 млн теңге игерілмеген

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Былтыр Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында 500 млн теңге игерілмеген. Аталмыш қаржы субсидияға бөлінген. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары қатысқан жиында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында полицейлердің ар-намысына тиген азамат 20 күнге қамалды Алматы облысында 33 мыңнан астам педагог вакцина салдырған Алматы облысындағы бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар Жеңіс күнін атап өтті

Депутаттар бөлінген қаржының игерілмегеніне наразы. Сондықтан қаржы игерілмесе, қатаң шара қолдану керек деген ұсыныс білдірді.

«Қаншама шаруаның қолы субсидияға жетпей жүр. Шағым өте көп. Үкімет басынан ақша бөлінеді. Ал ол игерілмей жатады. Қарапайым халық сол қолдауға қолы жетпей, қиналып жүр. Сондықтан бұл жайтқа кім кінәлі, анықтап, шара қолданбаса, іс осылай жалғаса береді», - деді мәслихат депутаттары.

Ал ақшаның игерілмегенін баяндаған баяндамашы, Алматы облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Жанар Керімбекова тиісті органға хат жолдағанын жеткізді.

«Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылардың бізге берген түсініктемесінде шаруалардың сұраған қаржылары белгіленген қаржыға сәйкес келмеген. Біз өз тарапымыздан қаржының игерілмеуіне байлынысты қызметтік хат жолдадық», - деді Жанар Керімбекова.

Айта кетейік, бүгін Алматы облыстық мәслихат депутаттары «Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бекіту, нақтылау және орындау» орындау тақырыбы бойынша онлайн семинар кеңес өткізді. Жиынға облыстық экономика және бюджетті жоспарлау мен қаржы басқармасынан баяндамашылар қатысты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT