Алматы облысында сотталғандар жақындарымен онлайн кездесе бастады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Алматы облысындағы барлық түзету мекемелерінде карантин жарияланған. Сондықтан жазасын өтеушілер өз туыстарымен онлайн байланыс арқылы шығып, кездесуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Короновирустан қорғанудың бірден бір жолы – қашықтықтан байланыс орнату. Бұл ретте Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті алғашқылардың бірі болып сақтық шараларын қолға алды. Олар онлайн кездесу өткізді. Қапшағай қаласына қарасты Заречный ауылындағы ЛА 155/8 мемлекеттік мекемесінде 50-ден астам сотталушылар туыстарымен, жұбайларымен бейнебайланысқа шығып, балаларының жүздерін көре отырып сөйлесті.

«Әлемді жайлаған індет COVID-19 пандемиясын біз де естіп, біліп отырмыз. Осы коронавирустан отбасымыз бен ағайын-туыстың амандығын тілеп, жүздерін көруді көп ойлайтын едік. Бүгін міне, сол арманымыз орындалып, бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, беттерін көріп, көңіліміз орнықты», - деп бірқатар сотталушылар департамент басшылығына алғыстарын білдірді.


Соңғы жаңалықтар