Алматы облысында шектеу режиміне өзгерістер енгізілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысында шектеулі режимге өзгерістер енгізілді. Бұл үшін арнайы 5-ші қаулы қабылданды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыдағы жаңа өзгеріске сәйкес, Талдықорғандағы техникалық жөндеу орталығы, қосалқы бөлшек және құрылыс заттарын сату дүкендері бүгін таңғы сағат 8.00-ден бастап қайта жұмыстарын жалғастырды. Мұндай дүкендер саудасын тұтыну үшін тұрғындар арнайы тапсырыс беру қажет. Кейін қажеттісін алу үшін ғана орталыққа барады. Тағы жергілікті халық сұранысымен ет павильондары жұмыс істейді.

«Жұмыстар далада ұйымдастырылады. Сондықтан біз рұқсат беріп отырмыз. Көктемгі егіс жұмыстарына, даладағы жол жөндеу жұмыстарына. Мемлекеттік нысандарға, құрылыс нысандарына рұқсат беріп отырмыз. Ол жерлерде санитарлық дезинфекция режимі сақталатын болады. Одан басқа тағы сұрақтар болды дәріханаларға қатысты. Енді дәріханаларға тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат бердік», - деді Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар