+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Алматы облысында полицейлердің ар-намысына тиген азамат 20 күнге қамалды

2021 жылғы 15 мамыр 02:17
Бөлісіңіз:
Алматы облысында полицейлердің ар-намысына тиген азамат 20 күнге қамалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полицейлердің ар-намысына әлеуметтік желі арқылы нұқсан келтірген азамат 20 күнге қамалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа өзгерістер енгізілді Қазақстандықтар полицияға өз еріктерімен 53 мың қару-жарақ тапсырды Жыныстық зорлығы үшін халықаралық іздеу жарияланған 27 қазақстандық ұсталды - ІІМ

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамыр күні Талдықорғандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қаланың 48 жастағы тұрғынын 20 күнге қамау туралы қаулы шығарды. Кінәлі деп танылған азамат Алматы облыстық Полиция департаментінің «Taldykorgan-Police» ресми парақшасы арқылы тәртіп сақшыларына жалған жала жауып, ар-намысына тиетін пікір жазған.

Даудың басы 27 сәуірде басталған. Дәл сол күні полицияға «Тойота Ланд Крузер» көлігін кәмелеттік жасқа толмаған баланың жүргізіп жүргені және оның жол ережесін бұзғаны жөнінде шағым түскен.

Ақпарат расталған. Тәртіп сақшылары көлікті тауып, айып тұрағына қойған және жасөспірімдердің кім екенін анықтаған. Полицейлер аталған іс бойынша әкімшілік хаттама толтырып, кәмелеттік жасқа толмаған баланы ата-анасына тапсырған.

Бірақ, сот шешімімен кінәлі деп танылған азамат тәртіп сақшыларына жала жауып, әлеуметтік желі арқылы ар-намысына тиген.

«Абылай және Айдар - сіздердің патрульдік қызметкерлеріңіз.... Олардың ата-анасына айта барыңыздар, ақша бопсалайтындар мен алаяқтарды тәрбиелеген»,- деп желіге жазған.

Жағымсыз пікір жазған азамат сот шешімімен 20 күнге қамауға алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT