Алматы облысында патрульдік полиция күшейтілген қызметке көшті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының автожолдарында кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір патрульдік полицияның жеке құрамы күшейтілген түрде қызмет атқаруда. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларының жұмысы күшейтілді.

«Іс-шараның басты мақсаты - жол қозғалысы қатысушылары арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау және алдын алу жұмыстарын жандандыруды күшейту, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік апатын төмендету. Бүгінгі таңда құрамына Полиция департаментінің саптық бөлімшелерінің басшылары және жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полицияның құзыретті қызметкерлері кіретін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жол қозғалысы ережесіне қатысты құқық бұзушылықтарды дер кезінде тоқтататын жасақтар саны артты. Басты назар өрескел құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге аударылатын болады»,- деп атап өтті Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.

Бұдан өзге, іздеудегі адамдар мен көлік құралдарын анықтау мақсатында жүргізушілерді жыл ішіндегі қайталама және жүйелі құқық бұзушылықтарды жасау тұрғысынан барлық есепке алу дерекқорлары бойынша тексеру ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері, қараңғылау пленкасындағы әйнектері бар, мемлекеттік нөмірлік белгілері жоқ автомобильдерді басқаратын көлік құралдарының жүргізушілері мен жол-көлік оқиғасы орнынан ізін суытқан жүргізушілер ерекше бақылауға алынады.


Соңғы жаңалықтар