Алматы облысында пәтер ұрлықтарының саны азайды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚазАқпарат - Алматы облысында пәтер ұрлықтарының жалпы саны 39,7 пайызға төмендеді, оның 91 пайызы жеке тұрғын үйлерде болса, көпқабатты үйлердегілердің саны 8,7 пайызын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзгенің мүлкін тонауға жасалған талдау барысында пәтер ұрлықтары терезелерді сығымдау, кілттерді таңдау, есіктерді бұзу, сондай-ақ желдеткіштер арқылы ішке ену және кейбір жағдайда емін-еркін кіру арқылы орын алатыны анықталды.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, пәтер ұрлықтарын ашу көрсеткіші 10 % жақсарған. Олардың ішінде бұған дейін жасалған қылмыстар да бар.

Сонымен қатар, жыл басынан 28 қылмыстық топ ұсталып, өзгенің мүлкін қолды қылудың 81 дерегіне қатысы бары дәлелденді. Сондай-ақ, қолға түскен пәтер тонауға машықтанған 19 қылмыстық топтың 52 ұрлық жасағаны әшкере болды. 9 барымташылар тобы анықталып, олар жасаған 29 мал ұрлығының 13 дерегі ауыр қылмыстар санатына жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар