Алматы облысында параплан бағанаға соғылып, екі адам ауруханаға түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында парапланмен ұшқандар жарық бағанасына соғылып, екі адам ауруханаға түсті. Қазір 50 жастағы азаматтың жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиғаның барысы видеоға түсіп қалған.

«9 мамыр күні Шамалған ауылының жоғарғы бөлігінде оқыс жағдай болды. Парапланмен ұшқан демалушылар аяқ асты ұйытқып соққан желден құрылғыға ие бола алмай, жарық бағанасына соғылды. Парапланда болған екі адамның бірі қазір ауыр жағдайда жатыр, екіншісі жеңіл жарақат алған. Осыған орай округ тұрғындары мен қонақтарынан өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызға қауіп төндірмеуді сұраймыз. Табиғат аясында сейілдеуге шығарда ауа райы болжамына назар аударыңыздар» деп жазылған әлеуметтік желідегі жазбада.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 1971 жылғы азаматтың жағдайы ауыр екенін жеткізді.

«9 мамыр күні Қарасай аудандық ауруханасына парапланнан құлаған екі адам түсті. 1971 жылы туған науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөліміне жатқызылды. Бірнеше сүйегі сынған. Басынан соққы алған. Ал 2004 жылғы науқас травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Миы шайқалған. Жағдайы орташа. Омыртқасы сынған» делінген ведомствоның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар