+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Алматы облысында ойын автоматтарына миллиондаған теңгесін ұтқызғандар әкімдікке шағымдануда

2020 жылғы 21 ақпан 18:04
Бөлісіңіз:
Алматы облысында ойын автоматтарына миллиондаған теңгесін ұтқызғандар әкімдікке шағымдануда

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ойын автоматтарына миллиондап қаржы ұтылған бір топ азамат құрылғылардың көзін жоюды талап етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шағымданушылар ондай автоматтар мектептің қасында, халық көп жиналатын сауда орындарында көп тұрғанын айтады. Ал әкімдік автоматтар жөнінде заң орындарына хат жолдаған.

Наразылықы танытқан тұрғындардың кейбірі ойын автоматтарына миллиондаған ақша ұтылған. Олардың айтуынша, ауылдағы дүкендерде терминалдың 40-50-і тұр дейді. Тұрғындар әкімдікке де барған, заң орындарына да шағымданған.

«Талай ата-ана зар жылап отыр, балалары осыған кіріп кетіп. Оның бірі - менмін. Баламды мен ұстай алмай қалдым. Өзінен өзі ақшасының бәрін осындайға жоқ қылып, ең ақыры өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды «, - деді Тұрар ауылының тұрғыны Оңғарбай Ерімбетов.

«Ойын автоматтары талай отбасын ойрандап кетті», дейді жиналғандар. «Аптасына 20 мың, 30 мың тапсам, аптасына осыған кетеді. Оны бәрі біледі. Отбасымен ажырасып, бала-шағамнан айырылып қаламын, қайтып қосыламын. Сөйтіп жүрмін», - деді Шамалған ауылының тұрғыны Азамат Алпысбаев.

«Қаншама ұрлық, төбелес шығады. Керек емес бұл, алып тастасын. Мен ойнағалы үш миллиондай ақша салып тастадым бұған», - деді сол ауылдың тұрғыны Саламат Қадыров.

Үш миллион теңге бұл - Саламаттың алты айда ұтылған қаржысы. Ал тағы бір жігіттің ағасы 5 миллион теңге құйыпты.

«Ауыл халқынан шағым жиі түседі» деген әкімдік автоматтардың жұмысын тоқтата алмай отыр.

«Экономикалық тергеу департаментіне хат жолдадым. Маған жауап та келді, міне, ресми хатым бар. Бұл автоматтардың барлығы - лоторея делінген, бұның барлығын заңға сәйкес тексердік деген олар», - деді Қарасай ауданы Жібек жолы округі әкімінің орынбасары Алмат Қалабаев.

«Құрылғылардың иесінен дүкен иелері ай сайын ақы алады» дейді наразы топ. Ойын автоматтарынан әбден ұтылғандар, құрылғылардың көзін жоюды талап етуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Әкімдік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT