+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматы облысында өрт шыққан үйден бір отбасы мүшелері құтқарылды

2020 жылғы 22 желтоқсан 23:08
Бөлісіңіз:
Алматы облысында өрт шыққан үйден бір отбасы мүшелері құтқарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында өрт шыққан үйден бір отбасы мүшелері құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл ауданының патрульдік полицейлері әкімшілік аумақты автопатрульдеу кезінде таңға жуық Б. Қыдырбекұлы ауылы тұрғындарының көшеге жаппай шығып жатқанын байқаған. Жедел оқиға орнына жеткенде көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шыққанын анықтап, төтенше жағдай қызметін көмекке шақырған.

Талап бойынша тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелік полиция инспекторы сыртта қалып, оның сол күнгі серіктесі патрульдік полиция инспекторы Асанжан Садықов шұғыл түрде пәтерлерді аралауға кіріскен.

«Төрт қабатты үйдің кіреберісі түтінге толы болды. Ештеңе көрінбеді. Дегенмен, пәтерлерді аралай бастадым. Екінші қабатқа шыққанда баланың дауысы естілді. Бірден төртінші қабатқа жүгірдім. Пәтерге кіргенде екі баласы бар әйелді көрдім. Олар есі шығып, шығатын жол таппай қалған. 3 және 5 жастағы екі қыздың бірін мен, екіншісін өрт сөндіруші қызметкер көтеріп, әйелді жетектеп далаға шықтық», - деді полиция кіші лейтенанты Асанжан Садықов.

Өрт сөндірушілердің ақпараты бойынша, өртенген аумақ аз ғана болғанымен, оқиғаның таңғы уақытта орын алуы және түтіннің таралуы өте үлкен қауіп төндірген. Қажетті көмектің дер кезінде жетіп, шұғыл шаралардың қабылдануы арқасында тұрғындар зардап шеккен жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT