Алматы облысында орман шаруашылығы саласының лауазымды тұлғалары ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі саласының бірқатар лауазымды тұлғалары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен хабарланды.
Агенттік Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласының лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау фактілерін анықтаған.
Осылайша, «Қаратал орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімі» РММ-нің бастығына су қорғау белдеулері мен санитарлық қорғау аймақтарын қамтитын Балқаш көлінің су айдындарында балық ресурстарын сатып алу, сақтау және тасымалдауда қамқорлық көрсеткені үшін жалпы сомасы 129 мың теңге (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алғаны үшін күлікті ретінде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осыған ұқсас қылмысты жасауда Қапшағай орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік инспекторы әшкереленді.
Ол балықтарды тыйым салынған әдістерімен, сондай-ақ Қапшағай су қоймасында тыйым салынған жерлерде заңсыз аулауға жол берудегі жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде 150 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Күдіктілердің кінәсінің дәрежесін анықтау түпкілікті шешімін сот шығаратын болады.
- Шымкентте білім басқармасының шенеунігі жемқорлық үшін сотталды
- Ұрлықы гүлді сыйлаған: Жетісуда 59 жастағы ауыл тұрғыны гүл ұрлағаны үшін ұсталды
- Қапшағайда 300 келі балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды
- Жамбылда тұрғын үй кезегінде жоқ адамдар мемлекеттен тегін пәтер алған
-
Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар анықталды
-
Алик Шпекбаев қызметкері жемқорлыққа ұрынған басшы жұмыстан қалай кететінін түсіндірді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам