Алматы облысында өнімдерін өткізе алмай жатқан шаруалар шу шығарды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Осы уақытта Алматы облысындағы Көксу қант зауытының алдында қант қызылшасы тиелген ауыр көліктердің ұзын-сонар кезегі қалыптасып тұр.

null
Аймақ шаруалары жаз бойы өсірген өнімдерін өткізе алмай әлек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көксу ауданы Балпық би ауылында орналасқан Көксу қант зауыты Алматы облысы бойынша қант қызылшасын қабылдайтын жалғыз кәсіпорын болғандықтан шаруалар зауыт алдында түнеуге мәжбүр. Далаға қонып, даладан тамақтанған олар, кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істесін деген талап қойып отыр.

null  

«Зауыт тәулік бойы жұмыс істесе, мынадай проблема болмас еді. Кешкі сағат 10-да жабылған есік, таңертең 9-да бірақ ашылады. Соның бәрі кедергі», -  дейді Асхат Кемелбеков.

«Таңертеңнен бері үш-ақ машина кірді. КамАЗ-да қонып жатқанымызға екі күн болды. Мен Шеңгелдіден келдім. Айына төрт-ақ рейс жасадым. Ішіне кіргеннің өзінде түсіретін жер таппай бір сағат жүремін», - дейді тағы бір шаруа Алмасбек Асқарбеков.

null  

Ал «Көксу қант зауыты» ЖШС директоры Алтынбек Абатов шаруалар зауытқа күн суытқаннан кейін ағыла бастағанын айтып отыр. Ол үлкен кезектің қалыптасуына шаруалардың өзін кінәлауда.

«Зауытта істеп жатқан бригада түнгі сағат бірге дейін жұмыс жасайды. Түнгі 1-ден кейін біреудің техникасына біреу отырмайды ғой. Қиратып тастайды, оны кейін жөндеу керек деген сияқты. Сондықтан 24 сағат бойы жұмыс істетіп қоюға реті келмей тұр», - дейді зауыт басшысы.

null  

Айта кетейік, қант қызылшасы тиелген ауыр көліктердің кезегі зауыт алдынан бастап, Балпық би ауылының сыртына дейін созылып тұр. Ал зауыт басшылығы, шаруалардан соңғы өнімге дейін қабылдайтынын айтуда.

Көксу қант зауыты биыл жоспар бойынша орта есеппен 220 мың тонна өнім қабылдауы керек.

Соңғы жаңалықтар