Алматы облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы құрылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы құрылды. Қоғамдық штаб өз жұмысын 11 мамырда ресми түрде бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық сайлауалды штабтың мақсаты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сайлауалды кампаниясын және аймақтық, аумақтық сайлауалды штабтары жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау болып табылады.

Жиынға облыстық партия филиалының басшылығы, облыстық сайлауалды штабының мүшелері, кезектен тыс ХІХ съезд делегаттары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.

Штаб басшысы болып облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев тағайындалды.

«Алматы облысы бойынша 334 сайлау округі, 1040 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. 20 аудандық, қалалық, 1 облыстық штабта 396 адам жұмыс істейді, оның ішінде 114 адам - жастар тобында», - деді Ғалиасқар Сарыбаев.

Штаб мүшелерінің жұмыс жоспары жасалып, алдағы жауапты кезеңде атқарылатын жұмыстардың басты бағыттары сараланды.
null

23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 623 делегат қатысты.

Айта кетейік, бұдан бұрын өткен президент сайлауында Алматы облысында электораттың 98 пайызы дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар