Алматы облысында менингит жұқтырды деген ақпарат жалған - денсаулық сақтау басқармасы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өңірде тағы бір адам менингит дертін жұқтырды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 маусым күні Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында Алматы облысында тағы бір менингококк инфекцияның анықталғаны жөнінде ақпарат жарияланған болатын. Бұл ақпаратты растамаймыз. Себебі, өткен тәулікте облыс бойынша аталған  дерт ешкімнен анықталған жоқ. Бұл ақпаратты министрлік біздің облыстық басқармадан емес, басқа жерден алған. Бірақ мәлімет дұрыс берілмеген. Сол себепті осы  ақпарат шығып кетті. Біздің облыста  барлық жағдай қатаң  бақылауда», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның айтуынша,  қазір өңір бойынша менингококк инфекциясынан емделіп жатқан 3 адам бар. Олардың емдік шаралары жалғасуда. Жағдайлары жақсы. Бұл 3 науқас келесі аптада  ауруханадан шығарылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар