Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан екінші оқушы көз жұмды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан екінші оқушы 4 cәуір күні көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдайды Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова растады.

Естеріңізге сала кетейік , 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кетті. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Балалар 8-9 жаста. 14 наурыз күні оқушының бірі есін жимастан көз жұмды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды.



Соңғы жаңалықтар