Алматы облысында ломбардтан 33 млн теңгенің заты ұрланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ломбардтан 33 млн теңгенің құнды заттарын ұрлады деген күдікпен үш адам ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының Жамбыл ауданында 41 жастағы Қарғалы ауылының тұрғыны полицияға арыз түсірді. Ол белгісіз адамдардың ломбардтан бағалы заттар мен ақша ұрлағаны жөнінде шағымданған.

«Полицияның криминалдық тобы үш күдіктіні анықтап, ұстады. Оның екеуі 27 және 32 жастағы Алматы облысының және біреуі 52 жастағы Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Оларды арнайы жасақпен ұстап, полицияға жеткізді»,- деді Алматы облыстық Полиция Департаментіндегі Криминалдық Полиция басқармасының бастығы Данияр Асхат.

Айта кетейік, күдіктілерді ұстағанда олардан шеге сынды тонауға арналған айғақ заттар, алтын бұйымдармен, ақша тәркіленген. Ал жалпы ломбардқа келтірілген шығын көлемі 33 млн теңге.

Қазір күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 188 бабының 4 бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар