+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Алматы облысында қылмыстар саны 40 % төмендеді - полиция

2020 жылғы 30 наурыз 04:05
Бөлісіңіз:
Алматы облысында қылмыстар саны 40 % төмендеді - полиция

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, өңірдегі криминогендік жағдай қалыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері өңірдегі қылмыстар саны 40,7 пайызға төмендеді.

Нақты айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық түрлерінде төмендеу байқалады. Оның ішінде:

- кісі тонау - 36, 8%;

- бұзақылық - 31,25%;

- өзгенің мүлкін ұрлау -56,7%;

- зорлау -33,3%;

- мал ұрлығы -25,5 %;

- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру - 21,8%

- өзгенің көлігін айдап кету - 22,2% және т.б.

Мысалы, Алтын Орда базарының аумағында 1 ұрлық дерегі тіркеліп, ол ізі суымай ашылды. Қарасай ауданында өзгенің мүлкін ұрлаудың 29 дерегі тіркелген. Өткен жылы осыған ұқсас 74 қылмыс жасалған болатын.

Сонымен қатар, төтенше жағдай енгізілгелі бері облыс аумағында кісі өлтіру немесе қарақшылық шабуыл сынды ауыр қылмыстар тіркелмегенін атап өту қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласына кіре беріс жолдарға 17 блокбекет қойылған болатын. Негізгі міндет – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ короновирус індетінің таралуының алдын алу. Ең көп блокбекет Қарасай ауданының аумағында орналастырылған. Осы уақыт аралығында аталған бекеттер аумағында қандай да бір құқық бұзушылық тіркелген жоқ.

Дегенмен, 42 адам ҚР ӘҚбК 476-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 40 адам өңірге кіріп-шығудың ерекше тәртібін бұзғаны үшін, ал екі азамат көп адам қатысатын іс-шара ұйымдастыруға салынған тыйымды бұзғаны үшін жазаға тартылды.

Олардың отызына 3 тәуліктен 10 тәулікке дейінгі әкімшілік қамау түріндегі санкция қолданылса, қалғандарына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласынан шығаберістерде, Іле және Қарасай аудандарында қоғамдық тәртіпті бақылайтын жаяу патрульдердің жұмысы ұйымдастырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT