Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге азайды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 89 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 қазандағы жағдай бойынша облыста КВИ 54 386 зертханалық расталған жағдай тіркелген, оның ішінде 40 281 симптомдарымен. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2 544,5 құрады. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,3% - дан 0,2% - ға дейін төмендеді.

«Соңғы тәулікте КВИ 89 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,2%, оның ішінде 79 симптомдық және 10 симптомсыз жағдай. КВИ анықталған 89 жағдайдың 22-сі 14 жасқа дейінгі балалар»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның хабарламасына сәйкес, аудандардағы КВИ жағдайы төмендегідей: Алакөл-6, Балқаш-2, Еңбекшіқазақ-13, Ескелді-3, Жамбыл-6, Қарасай-8, Қаратал-8, Панфилов-9, Сарқан-3, Талғар–7, Талдықорған–17, Текелі-6, Қапшағай қаласы-1. Жалпы індет басталғалы Алматы облысында 54 386 адамнан коронавирус зертханалық тексеру бойынша расталған.

Соңғы жаңалықтар