Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирустің өсу қарқыны соңғы 2 аптада 1,0% - дан 0,7% - ға дейін төмендеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, соңғы тәулікте коронавирус 279 адамнан анықталды.

«Оның 238-нің симптомы бар, 41-ның симптомы жоқ. КВИ анықталған 279 жағдайдың 40-ы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі, ал студенттер арасында 7 жағдай тіркелді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Облыс өңірлері арасында вирус жұқтыру көрсеткіші:

- Алакөлде - 15, Балқаш-3, Еңбекшіқазақ-12, Ескелді–10, Жамбыл–9, Іле-18, Қарасай-31, Қаратал-7, Кеген-1, Кербұлақ - 16, Көксу-20, Панфилов–17, Сарқан-13, Талғар–19, Ұйғыр–10, Талдықорған–65, Текеліде 13 адам коронавирус жұқтырған.

«Жалпы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста коронавирус жұқтырудың зертханалық расталған 45 036 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 32 049-ында симптомдары бар. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ жұқтыру көрсеткіші – 2107,0 құрады»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар