13:01, 14 Қыркүйек 2021 | GMT +6
Алматы облысында көлік қаққан 8 жасар оқушы мерт болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 8 жасар оқушыны көлік қағып, мерт қылды. Қайғылы жағдай Іле ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«10 қыркүйек күні кешкі сағат 18:10 шамасында Іле ауданында 8 жастағы баланы көлік қағып кетті. Ол ауруханаға жетпей көз жұмды»,- деп пікір білдірді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, «Toyota» көлігінің 23 жастағы жүргізушісі «Қосөзен-Шелекемер» жолында 8 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Қазір аталған факті негізінде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қажетті сараптамалар тағайындалған.