+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Алматы облысында көлік апатынан төрт адам мерт болды

2020 жылғы 20 мамыр 18:10
Бөлісіңіз:
Алматы облысында көлік апатынан төрт адам мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік апатынан 4 адам мерт болды. Оның үшеуі оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Алматы-Есік тас жолында болған. 19 мамыр күні сағат 19:45 те «Ravon Nexia» көлігін тізгіндеген 1993 жылғы жүргізуші рульге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Chevrolet Cruze» көлігіне соғылған. Оқиға орнында «Ravon Nexia» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы жан тапсырды. «Chevrolet Cruze»-ң де жүргізушісі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Аталған факті ҚР ҚК 345 бабының 4-і бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT