Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында түрме аумағында жұмыс істейтін кәсіпорын мекемеге 32 телефонды жасырын кіргізбек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Геценер О.В.» жеке кәсіпкерлігі – Қапшағайдағы ЛА-155/14 қауіпсіздігі орташа мекемесінің аумағында жұмыс істейді, сотталғандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде.

Аталмыш жеке кәсәпкерлікке арналған құрылыс материалдарын жеткізу кезінде кәсіпкер ағаш бұйымдардың арасына тыйым салынған заттарды тығып, оларды сотталғандарға өткізбек болды. Алайда, режим бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі Азат Сыдықовтың қырағылығының арқасында және «Лорнет» металл іздегішінің көмегімен тексеру кезінде 32 ұялы телефон, 30 қуаттағыш және 16 құлаққап табылды.

«Аталған факті бойынша мекемеге процессуалдық шешім қабылдау үшін Қапшағай қаласының жедел-тергеу тобы шақыртылды», - деп атап өтті мекеме бастығы Руслан Ғабибов.


Соңғы жаңалықтар