+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Алматы облысы: Тұрғындар арасындағы қарулы қақтығыстан бір адам қаза болды

2020 жылғы 21 қаңтар 00:10
Бөлісіңіз:
Алматы облысы: Тұрғындар арасындағы қарулы қақтығыстан бір адам қаза болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылында бір топ жігіттер арасында қарулы қақтығыс болды. Оқиға орнында бір адам қаза болып, төртеуі ауруханаға түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада адам өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды Петропавлда кісі өлтіргендерге сот үкімі шықты Оралда Жайық өзені жағасынан ер адамның мүрдесі табылды

Екі жақ жанжал кезінде суық және атыс қаруын қолданған. Салдарынан 4 адам ауруханаға түсті. Оқиға орнынан 27 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылды.

Кейін анықталғандай, қақтығысқа оншақты адам қатысқан. Полицейлер олардың аты-жөнін анықтады, оның үшеуі тұтқындалды.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 99, 24 және 293-баптары бойынша іс қозғалған. Оқиға облыстық Тергеу басқармасының және департамент басшылығының ерекше бақылауында», - деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қылмысқа қатысы бар екі пышақ пен үш тегіс ұңғылы аңшы қаруын тапты. Олар айғақ ретінде іс материалдарына тіркелген. Қақтығыстың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT