Алматы облысында карантин күшейіп, 65 жастан асқан кісілердің көшеге шығуына тыйым салынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында карантин қатаңдатылып, бірқатар шектеу шаралары қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов карантинді күшейту жөніндегі жаңа қаулыға қол қойды. Бұл құжат 19 қазан таңғы сағат 07.00-ден бастап күшіне енеді.

Атап айтқанда, түнгі клуб, бар, кинотеатр, караоке, бильярд, аттракциондар, интернет клубы, антикафе, батут, балалар алаңдары, толымдылығы 50 адамнан асатын мейрамханалар мен банкет залдарының жұмысына тыйым салынды.

Қызметкерлердің кем дегенде 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуге тиіс.

Бір отбасы мүшесі болмаса, жалпы үш адамнан артық топтасып жүруге болмайды.

«Қазпошта» бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктер таңғы 9.00-ден кешкі 18.00 дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жасы 65-тен асқан кісілердің сыртқа шығуына шектеу қойылады.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеде таныса аласыздар.


Соңғы жаңалықтар