Алматы облысында карантин күшейді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында карантин шараларын күшейтетін жаңа қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Себебі өңірде соңғы жеті күнде індет жұқтырғандар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 16,2-ге жеткен.

Қаулыға сәйкес сыйымдылығы елу және одан да көп қоғамдық тамақтану орындары жұмысын тоқтатады.

Той-томалақ, банкет, еске алу жиындарын ұйымдастыруға тыйым салынды.

Барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар, ойын-сауық орындары да жағдай тұрақтағанша жұмыс істемейді.

Сондай-ақ туристік нысандар, табиғи парктер, демалыс орындары, тау-шаңғы базалары мен мұз айдындары 80 пайыздан аспайтын толымдылықпен адам қабылдауға рұқсат беріліп отыр.

Мониторинг топтарына тексеру, қадағалау жұмыстарын үдету тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар