Алматы облысында қар құрсауынан 15 адам құтқарылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған 5 көліктің жолаушыларын құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Еңбекшіқазақ ауданындағы «Қырбалтабай-Ақжал» бағытындағы автожол бойында 15 жолаушысы бар 5 көлік тұрып қалғандығы жөнінде хабар түскен. Еңбекшіқазақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы мен Қырбалтабай ауылының әкімі ұйымдастырған апаттан құтқару жұмыстарына жол жөндеушілер мен олардың арнайы техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде жол тазартылып, көліктер қардан шығарылып, олар сапарларын жалғастырды»,-делінген хабарламада.

Ауа райы дұрысталғанша, жолдағы қозғалысты шектеу үшін полиция қызметкерлерінен уақытша кезекшілік ұйымдастырылды.

«Ел тұрғындарына аталған жол бөлігіне шықпай тұра тұруға кеңес береміз»,-делінген құтқарушылар таратқан хабарда.


Соңғы жаңалықтар