Алматы облысында ер адам бассейнге батып, мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ер адам бассейнге батып, мерт болды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай жеке меншік демалыс орындардың бірінде болған.

«7 шілде күні сағат 18:30-да Алматы облысы Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу« демалыс аймағындағы бассейнде шамамен 27-30 жас аралығындағы ер адам суға батып кетті.

Денесі бассейннің түбінен, 1.8 метр тереңдіктен табылды. Мүрдені демалыс аймағының жұмысшылары судан шығарды»,- делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомоство өкілдері азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар