Алматы облысында екі дәріхана дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатып жіберген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында екі дәріхананың қожайыны дәрі-дәрмекті көтеріңкі бағамен сатқаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл жөнінде Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Комитеттің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Іле және Талғар аудандарының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, облыстың екі дәріханасында дәрілік препараттарды қымбаттатып сату фактілерін анықтады. Бұл дәріханалар Өтеген батыр және Бесағаш елдімекнедерінде орналасқан.

Дәріхананың бірінде «Ингавирин» препараты - 6500 теңгеге, екіншісінде – 8500 теңгеге сатылып жатты. Алайда, бұл дәрі-дәрмектің шекті бағасы - 5640 теңге.

Дәрінің белгіленген бағасын заңсыз көтергені үшін дәріхана иелеріне қатысты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.

Сондай-ақ, өнімді тәркілеу және лицензияны қайтарып алу шаралары қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар