Алматы облысында екі адам көлік апатынан мерт болып, үшеуі ауруханаға түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында екі адам көлік апатынан мерт болып, тағы 3 адам ауруханаға түсті. Қайғылы жағдай «Үшарал-Достық» автожолының 4-ші шақырымында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Nissan X-trail» және «МАЗ-54322» көліктері соқтығысқан. «Nissan X-trail» көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты. Ал дәл осы көліктің жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы ауруханаға түскен.

«Алдын ала болжам бойынша, көліктердің соқтығысуына жолдың тайғақтығы себеп болуы мүмкін. Көліктің бірінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4 тармағы бойынша сот алды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген аталмыш ведомствоның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар