Алматы облысында боран салдарынан автокөлік жолы жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Сарыөзек-Алтынемел-Қоғалы» автожолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 20 ақпан күні сағат 19.40-та ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) облыстық маңызы бар «Сарыөзек-Алтынемел-Қоғалы« автожолында (0-3 шақырым, Алтынемел-Қоғалы ауылдары арасында) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Азаматтарды осы бағытта жол жүруден бас тартуын сұраймыз», - делінген Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар