Алматы облысында блокпостар қайта қойыла ма: Әкімдік жауабы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында блокпостар қойылады деген ақпаратты әкімдік жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мессенджерлерде Алматы облысында блокпостар қайта қойылады деген ақпарат тарап жатыр. Алматы облысының ведомствоаралық комиссиясы бұл сұрақты қарастырмағанын және бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеймін», - деп жазды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін өңірде жалпы 701 адам коронавирус жұқтырып, оның 574-і індеттен жазылып шықты. Қайтыс болды – 1 науқас.


Соңғы жаңалықтар