21:30, 05 Сәуір 2020 | GMT +6
Алматы облысында бірыңғай жедел желі іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайға байланысты Алматы облысында 404-404 бірыңғай жедел желісі іске қосылды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Өңір тұрғындары медицина, білім беру, жұмыспен қамту және волонтерлікке қатысты барлық сұрақтарға жауап ала алады.