Алматы облысында барлық мектептер дәстүрлі форматта жұмыс істейді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында барлық мектептер дәстүрлі форматта жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысының талаптарын сақтай отырып дәстүрлі форматта оқуды жүргізу қамтамасыз етілсін»,- делінген

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерғали Сыдымановтың 27 тамыз күні шыққан N18 қаулысында.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 қаулысына сәйкес, мектептерге төмендегідей талаптар қатаң сақталуы тиіс.

- педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);

- ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);

- маска режимін сақтау;

- рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету жүктелген.

Сонымен қатар, сыныпта COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде сол сынып толық 14 күн бойы үй карантиніне оқшауланады.


Соңғы жаңалықтар