Алматы облысында балыққа кеткен 4 адам іздестіріліп жатыр

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында балық аулауға кетіп, үйлеріне оралмаған 4 адам іздестірілуде. Олардың екеуі бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл қазіргі уақытта құтқарушылардың жұмыстары Қапшағай су қоймасы, Іле ауданының Жетіген ауылындағы Іле өзенінде, сонымен қатар Балқаш ауданындағы Бақбақты ауылындағы Іле өзенінде жүргізіліп жатыр.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қараша күні  Қапшағай су қоймасында 2 балықшы жоғалып кеткен. Болжам бойынша, із-түзсіз кеткендер қайықпен балық аулауға шыққан. Қазір екі адамды 3 құтқарушы іздестіріп  жатыр.

Ал тағы екі адам жоғалған. Оның бірі Іле ауданында, екіншісі Балқаш ауданында хабар-ошарсыз кеткен.

Мәселен 1969 жылғы Никрасов А. А. есімді азамат 21 қарашадан  бері хабар-ошарсыз. Болжам бойынша ол Іле ауданының  Жетіген ауылындағы Іле өзенінде  балық аулап отырған сәтінде суға батып кетуі мүмкін. Бүгін азаматты іздеуге 4 құтқарушы  шықты.

Ал Балқаш ауданының Бақбақты ауылындағы Іле өзенінде 27 қараша күні жоғалған 1984 жылғы азаматты іздеуге 11 жұмысшы жұмылдырылған.

Жоғалған Ли Б. А. есімді азамат болжам бойынша балық аулап отырғанда сәтінде суға батып кеткен болуы мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні Алматы облысындағы Балқаш көліне балық аулауға кеткен ерлі-зайыптылардың өлі денелері табылған болатын. Аягөз ауданы тұрғындарының мүрделері 11 күннен кейін табылғанын хабарлаған болатынбыз.  

Соңғы жаңалықтар