Алматы облысында бала емізіп жүрген 264 ана вакцина алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бала емізіп жүрген 264 ана вакцина алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында 15 қарашадан бастап 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары басталды. Облысқа барлығы 46 800 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. Бүгінгі таңда вакцинацияланған тиісті контингент саны 1 980 адам. Оның ішінде 1673 жасөспірім, 43 жүкті әйел және лактация кезеңінде 264 әйел екпе алды.

Естеріңізге сала кетейік, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-аналарының немесе заңды өкілдердің келісімімен жүзеге асырылады.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес,

Алматы облысы халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялаумен қамту деңгейі бойынша республикада жетекші орында тұр. Бүгінгі күні өңірде вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны 851 429 адамға жетті, бұл 71% - ды құрайды. Толық курстан өткендердің саны – 778 939 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 65%-ы.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындары вирусқа қарсы препараттар арасында: «Спутник V», «QazVac» және «Sinopharm» вакцинасын таңдай алады. Айта кету керек, Ақсу және Балқаш ауданының тұрғындары короновирустық инфекцияға қарсы 100% егілді.

Өңірде вакцинация жұмыстары алгоритмге сәйкес жүргізілуде.

Облыс бойынша 318 егу пункті ашылды, оның ішінде 76 – жылжымалы, 71 мобильді бригада және 17 жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылған. Облыс бойынша мектеп қабырғасында 338 егу кабинеті жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар