Алматы облысында ауыл тұрғыны үйінен дәріхана ашып алған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Алтынемел ауылындағы жекеменшік үйде дәрі-дәрмек заңсыз сатылып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілде күні жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз дәріхананың қызметін әшкерелеген.

Анықталғандай, ауыл тұрғыны үйінен дәріхана ашып алған. Ал оның сөресінен дәрі-дәрмектің кез келген түрін табуға болады.

«Заңсыз дәріхана қызметін 63 жастағы әйел ұйымдастырған. Бұл қызметпен айналысуға оның лицензиясы мен рұқсат құжаттары болмаған. Яғни медициналық қызмет көрсетуге еш құқығы жоқ екені анықталды. Алыпсатар әйел аудандағы дәріханалардың бірінен дәрілерді сатып алып, ауыл тұрғындарына ұсынып отырған. Тәртіп сақшылары тексеру барысында қайта сату үшін қораптармен сатып алынған 60-қа жуық дәрі-дәрмектің түрін тәркіледі.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады», - деді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар