Алматы облысында ауа райына орай республикалық трасса жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Казақавтожол« ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарламасы бойынша 20 қаңтар күні сағат 22:30-дан бастап ауа райының нашарлауына (боран, қар, жаңбыр) байланысты «Алматы - Өскемен« автожолының 480-564 шақырым аралығы (Қабанбай ауылы - Жанама ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды»,- деліген облыстың ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, боранға байланысты Шығыс Қазақстан облысында «Алматы - Өскемен» тасжолының 778-967 шақырымы (Аягөз қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының арасы) барлық автокөлік түрлері үшінжабылған болатын.



Соңғы жаңалықтар