Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 6 шілде күні қолайсыз ауа райы күтіледі. Осыған байланысты өңірдің төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6 шілде күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік-шығыстан соққан желдін екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

«Осыған байланысты азаматтарды ауа райының өзгерісін бақылап, барынша мұқият болуға және тауға бармауға шақырамыз» делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар