Алматы облысында «Ashyq» жобасының талабын бұзған мыңға жуық нысан анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Ashyq» жобасының талабын бұзған мыңға жуық нысан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, бүгінгі күні облыс бойынша жобаны пайдалана отырып 7894 нысан өз қызметін жүзеге асыруда. «Аshyq» жобасын енгізу басталғаннан бері мониторингтік топтармен 3962 нысан қамтылды. Соның ішінде жұмыс алгоритмін бұзған 945 нысан анықталды.

QR-кодты сканерлеу кезінде облыс бойынша «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 1631 келуші анықталды, оның ішінде «қызыл» мәртебе 1275 келушіде, «сары» мәртебе 567 келушіде анықталды. Еңбекшіқазақ, Алакөл, Жамбыл, Іле, Кербұлақ, Ұйғыр аудандарында, Қапшағай және Талдықорған қалаларында 2 362 770 теңге сомасына 54 әкімшілік жаза қолданылды.

Еске салайық, пандемия кезінде бизнес субъектілерінің жұмысына жеңілдіктер беру мақсатында 2021 жылғы 14 сәуірінен бастап Алматы облысының аумағында «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды.


Соңғы жаңалықтар