Алматы облысында 97 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторлық тексеру барысында 97 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде 10 айды қортындылыған департамент басшысы Нариман Ботанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан 268 аудиторлық іс-шара ұйымдастырылды. Оның 20-сы жоспарланған болса, 248 тексеру жоспардан тыс жүрді. Тексерілген қаражат көлемі 72,8 млрд теңге. 38,6 млрд теңге бойынша қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Департамент басшысы Нариман Ботановтың айтуынша, негізгі қаржылық бұзушылықтар бухгалтерлік есеп пен мемлекеттік сатып алу барысында орын алған. Тәртіптік жауапқа тартылған 97 қызметкердің 57-сіне ескерту, 36-сына сөгіс, 2 тұлғаға қатаң сөгіс жарияланып, екі адам қызметінен босатылды.

Сондай-ақ өңірдің бас аудиторы жалпы құны 8,4 млн теңге болатын 3 факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатқандығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар