Алматы облысында 89 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 89 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттің ақпаратына сәйкес, соңғы тәулікте КВИ 89 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,3%, оның ішінде 74 симптомдық (83,1%) және 15 симптомсыз (16,9%) жағдай.

КВИ анықталған 89 жағдайдың 12-сі 5 жасқа дейінгі балалар. Ал оқушылар арасында 2 жағдай анықталған.

Облыс өңірлері арасында КВИ-дың тіркелуі: Алакөл -1, Еңбекшіқазақ- 4, Жамбыл - 5, Іле - 11, Қарасай- 8, Қаратал - 1, Кеген - 1, Кербұлақ - 2, Көксу-1, Панфилов-7, Райымбек-1, Талғар- 12, ұйғыр -1, Талдықорған - 33, Қапшағай қаласы-1.

9 шілдедегі жағдай бойынша 26 710 науқас КВИ-дан жазылып шықты. Бір тәулік ішінде 23 пациент емделіп стационардан, 22 адам үйден оқшаулаудан шығарылды.

Сондай-ақ облыста КВИ зертханалық расталған 28 052 жағдай тіркелген. Оның ішінде симптомдармен 17 704.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1312,4 құрады. Өңір бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптаны салыстыру кезінде 0,1% деңгейінде қалады. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 0,2%, Балқаш - 0,6%, Еңбекшіқазақ - 0,2%, Ескелді – 0,4%, Жамбыл – 0,3%, Іле – 0,5%, Қарасай - 0,5%, Қаратал – 0,7%, Кербұлақ - 0,2%, Көксу – 0,2%, Райымбек - 0,3%, Сарқан – 0,3%, Талғар – 0,5% байқалады%, Кеген – 0,3% аудандары мен Талдықорған қалалары - 0,3% және Текелі-0,2%«,- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.


Соңғы жаңалықтар