Алматы облысында 811 науқас коронавирустан емделіп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 27 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Талдықорған қаласында – 5, Сарқан ауданында – 4, Жамбыл, Қаратал, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай қаласында 3 жағдайдан, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында - 2, Ескелді және Панфилов аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 47 адам емделіп шықты. Өңір «жасыл» аймақта.

«30 қарашадағы жағдай бойынша өңірде 811 адам стационарлық ем қабылдауда. Өткен тәулікте ауруханаларға 29 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 1790. Төсек-орын жүктемесі – 45,3 %. Соңғы 3 күнде 4526 адамның сынамалары коронавирусқа байланысты зертханаларда тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 858 475. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2004. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 785 201. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 2303 адам», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар