USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Алматы облысында 8 пәтерлі үй өртенді

2021 жылғы 1 желтоқсан 22:09
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 8 пәтерлі үй өртенді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданындағы Төңкеріс ауылында 8 пәтерлі үй өртенді. Тұрғындар дер кезінде үйден шығып үлгерген, өрттен ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында көліктен шыққан өрт тұрғын үйді шарпыды Ақмолалық полицейлер көпбалалы отбасын өрттен аман алып қалды ШҚО-да жанып жатқан үйден екі газ баллоны шығарылды

«Өрт 30 қараша күні сағат 18:15 шамасында тұтанды. 8 пәтерлі барак типті үй өртенді. 8 пәтердің 6-уын өрт шалды, оның ішінде екеуінің шатыры жанған. Абырой болғанда, тұрғындар дер кезінде үйден шығып үлгерді. Оқиға орнына түнде Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов жетті. Белгілі болғандай, барак типті үйде барлығы 34 адам тұрады. Оның 16-сы бала. Өртенген 6 пәтерде барлығы 30 адам тұрған, оның 15-і бала»,- делінген Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, үйдің аумағы 288 шаршы метр. Үй 1952 жылы қамыстан салынған.

Әкімдіктің мәліметінше, үйі өртенген отбасыларға мемлекет есебінен көмек беру мәселесі қаралады. Қазіргі кезде тұрғындар туыстарын паналаған. Өтініш білдірген жағдайда уақытша пәтерге орналастыру жағы қарастырылады.

Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT