Алматы облысында 57 оқушыдан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте Алматы облысында 240 адам коронавирус жұқтырған. Оның 57-сі оқушы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы тәулікте 240 КВИ жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,5%, оның ішінде 190 симптомды және 50 симптомсыз. КВИ анықталған 240 жағдайдың 57-сі- оқушылар арасында анықталған. Ал студенттер арасында 11 жағдай тіркелді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жалпы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 47 540 жағдай тіркелген. Оның ішінде 34 250 адамда коронавирус белгілері бар. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7% - дан 0,6% - ға дейін төмендеді. «Облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттанушылығы: Балқаш-3, Еңбекшіқазақ-36, Ескелді–11, Жамбыл–23, Іле-31, Қарасай-8, Қаратал-5, Кеген-2, Кербұлақ-2, Көксу-10, Райымбек–1, Панфилов-8, Сарқан–4, Талғар–21, Ұйғыр–11, Талдықорған-54, Текелі-6, Қапшағай қаласы 4 адамнан індет анықталды», - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар