Алматы облысында 446 оқушы коронавирус жұқтырған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысында 1 қыркүйек пен 14 қыркүйек аралығында 446 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

205 оқушы оқу маусымы басталмай тұрып, яғни жазғы демалыста жұқтырған. Ал 234 жағдай оқу жылы басталғанда тіркелген.

7 оқушы онлайн форматта оқып жүріп инфекцияны үйінде жұқтырған. Қазіргі таңда індет жұқтырған оқушылар оқшауланып, олар оқыған сыныптар карантинге жабылды. 3 мыңға жуық оқушы қашықтан білім алуға мәжбүр. Жалпы өңір әлі «қызыл аймақта». Облыста бір тәулікте жалпы 218 адамнан коронавирус анықталды. «Қазіргі кезде 129 мектептің 229 сыныбы үй карантиніне жіберілген болатын. Оның ішінде 2 866 оқушы қашықтан оқуға жіберілді»,- деді Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Әлия Шағиахмет.
Соңғы жаңалықтар