Алматы облысында 43 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 43 мыңға жуық отбасыда 4-тен астам бала бар. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғандағы «Jetisu media» алаңында өткен брифинг барысында Батыржан Байжұмановтың айтуынша, көпбалалы отбасыларға республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Яғни, бұл қаражат үлкен отбасылардың (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар) табысына қарамастан төленбек. 4 балаға — 42 496 теңге, 5 балаға — 53127 теңге, 6 балаға — 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға — 74 388 теңге беріледі.

Басқосуда биыл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін аймақтық әлеуметтік картаны жүзеге асыру жалғасатыны айтылды. Оған көпбалалы аналардың коғамдық көліктермен тегін жүруі, мектепке дейінгі мекемелердегі ата-аналар төлеміне субсидия жасау, газға қосу және білім беру гранттары кіреді.

Атап айтсақ, өткен жылы Әлеуметтік картаның арқасында көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға 3,5 млрд теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіліп, 106 мың адам қамтылған.


Соңғы жаңалықтар