Алматы облысында 35 жедел жәрдем көлігі берілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының медицина саласы 35 жедел жәрдем көлігімен толықты. Жылжымалы жедел медициналық кешендерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 484 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында емдеу мекемелеріне автокөлік кілттерін облыс әкімі Амандық Баталов тарту етті. Талдықорғанның орталық алаңында өткен шарада өңір басшысы жиналғандарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап,  мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлініп келе жатқанын атап өтті.

null 

«Тәуелсіздік жылдары облыста халықтың денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Емдеу мекемелері салынып, күрделі жөндеуден өткізілуде, материалдық-техникалық базалары нығайтылып, медициналық қызмет көрсету сапасы жақсартылуда», - деді А. Баталов.

Айта кету керек, пайдалануға берілген автокөліктер заманауи талапқа сай. Жүрек талмасы, инсульт, жолдағы жарақаттану кезіндегі жедел жәрдем және ана мен бала қызметі үшін қазіргі заманғы талапқа сай ыңғайлы, портативті электрокардиографпен, дефибриллятормен және кислород аппаратымен жабдықталған.

null

Соңғы жаңалықтар