Алматы облысында 32 жастағы еркек әйелінің көңілдесін балталап өлтірді

None
None
ҚАСКЕЛЕҢ. ҚазАқпарат - Алматы облысында ер адам әйелінің ашынасын балталап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, Қаскелеңде полицейлер 32 жастағы тұрғынды ұстаған.

Ол әйелінің көңілдесін өлтірді деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сезікті азамат қамауға алынған.

Ауыр дене және ми жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілген. Ол сол жерде есін жимастан көз жұмды.

Марқұм - 36 жастағы Алматы қаласының тұрғыны.

«6 қарашада жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 32 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Өзінің айтуынша, марқұмның туған күнінде ол жәбірленушінің әйелімен көңілдес болғанын білген. Үйге келген соң ол әйелімен сөйлесіп, оның мойындағанын видеокамераға түсіріп алған. Сосын марқұмды жасырын бір жерге шақырған. Оған видеоны көрсетіп, мойындауын талап еткен. Содан кейін оны балталай бастаған» делінген полиция мәліметінде.

Күдікті 2014 жылы да өлімге алып келген ауыр дене жарақатын салғаны үшін жазаға тартылған.

Кісі өлтірген қару алынып, айғақ ретінде қылмыстық іске тіркелген.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар