Алматы облысында 31 мемлекеттік қызметшіге заңсыз сыйлық ұсынылған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін 31 қызметшіге сыйлық ұсынылған. Мемлекеттік қызметшілер сыйлық ұсыну фактілерін басшылыққа жеткізіп, сыйлықтарды арнайы қорға тапсырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіг Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев жыл басынан бері жетісулық мемлекеттік қызметшілерге белгісіз тұлғалар 31 рет сыйлық ұсынғандығын атап өтті. Ұсынылған сыйлықтарды мемлекеттік қызметкерлер Заңға сәйкес арнайы қорға өткізді.

Департамент басшысы алдағы мерекелік күндердің келе жатқандығына орай, облыста сыйлық алу, беру фактілерін болдырмауға қарсы жұмыстар басталғанын тілге тиек етті. Осыған орай қоғам белсенділері Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп рейдтер жүргізетін болады.

Соңғы жаңалықтар