Алматы облысында 29 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Соңғы тәулікте Алматы облысында 29 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде екі оқушы ауруды жұқтырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 жағдайдың 5-уі 14 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде 2 оқушыдан вирус анықталды.

13 маусымда облыс өңірлері арасында КВИ-мен сырқаттанушылығы Ақсу – 1, Алакөл – 1, Еңбекшіқазақ – 3, Ескелді – 2, Жамбыл – 3, Сарқан – 2, Талғар – 9, Ұйғыр – 2, Кеген аудандарында – 1, Талдықорған қаласында 5 жағдай тіркелді.

«Соңғы тәулікте стационардан 22 пациент емделіп шықты. 21 адам үйден оқшаулаудан шығарылды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жалпы Алматы облысында 14 маусымға дейін 25 697 науқас коронавирустан жазылып шықты.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптаны салыстыру кезінде бір деңгейде - 0,2%. Соңғы аптада өсудің ең жоғары қарқыны Балқаш - 0,3%, Қаратал - 0,3%, Сарқан - 0,6% аудандарында және Талдықорған қаласында - 0,3% байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ 29 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,1%, оның ішінде 14 симптомдық (48,3%) және 15 симптомсыз (51,7%) жағдай.


Соңғы жаңалықтар