Алматы облысында 26 жастағы журналист үшемнің анасы атанды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 26 жастағы жас ана үшем дүниеге әкелді. Сәбилердің үшеуі де - қыз бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үшемдердің анасы - Көксу ауданының тұрғыны Ардагүл Әскербек. Ол - Талдықорғандағы қоғамдық-саяси «Алатау» газетінің тілшісі.

Бұл басылымды белгі айтыстар ақын Айтақын Бұлғақов басқарады.

«26 жастамын.Тұңғышым бес жаста. Бір қызым, екі ұлым бар. Бүгін міне үшемнің ата-анасы атанып, 6 балалы болдық. Тәубә, Алланың қалауы. Негізі жолдасым жақтан да, өзім жақтан да тұқымымызда егіз бар. Бірақ үшем жоқ», - дейді журналист, жас босанған ана Ардагүл Әскербек.

Ардагүл бүгін Талдықорған қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта таңертең сағат 10:10 шамасында босанған.

«Сәбилерімнің жағдайы жақсы. Салмағы - 1 кг 900, 1 кг 800 және 1кг 700 грамм. Қазір дәрігерлердің бақылауында»,- деді жас ана.

Шаңырағы шаттыққа бөленіп жатқан жас отбасы ата-анасымен бірге тұрады.


Соңғы жаңалықтар